Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы

Жолдаудағы басты мәселенің бірі сапалы білім беру

   Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы өзінің нақтылығымен, мақсатының айқындығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы жылдарға арналған басым бағыттарын айқындап берді.

Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте білім беру ұйымдарының педагогика саласы қызмткерлерін бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Себебі жолдауда еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы бағыттардың бірі сапалы білім беру саласы екендігі баса көрсетілді.

Қазіргі жаhандық өзгерістер кезеңінде түлектің білімі еңбек нарығына шыққанға дейін-ақ, жеткіліксіз болып қалуы әбден мүмкін.

  Сондықтан, құзырлы министрліктің алдына оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндетін тапсырды.

Мемлекет басшысы педаготерді әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше наар аударды. Педагогтердің біліктілігін 5 жылда емес. 3 жыл сайын арттырудың қажеттігін негіздеді.

Себебі мұғалім шәкірт бойына жаңа білім сіңіре алатындай нағыз ағартушы болуы тиіс,- деп атап көрсетті.

Бүгінде білім берудің әлеуетін арттыру, оның ішінде алдағы уақытта оқытушылардың жалақысын өсіру мәселесі де жоспарланды. Педагог қызметкерлерге деген мемлекеттің ерекше назар аударуы білім сапасына оң әсер еткені анық.

  Сонымен қатар алдағы уақытта ауыл мектептерін оқушы санына қарай қаржыландыруға тоқталды.

  Президент өз сөзінде: Биыл бірнеше оқушы халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Ондай дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетіп, конкурссыз грант беру, жетекшілеріне материалдық қолду көрсету керектігіне назар аударды.

Пандемия кезінде қашықтан оқыту барысында ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екені байқалып, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылар саны көбейді. Сондықтан мемлекет басшысы үкіметке ақпараттық жүйені жақсартуды тапсырды.

Сонымен қатар балаларды ерте жастан мамандыққа бейімдеуге айырықша назар аударуды және болашақ кәсібін саналы түрде таңдай білуі тиіс екендігіне тоқталды.

Қорыта айтқанда, жолдаудан кейінгі түйін- жас ұрпаққа сапалы білім беру міндеті тұр. Яғни, алға қойған міндеттер соңына дейін жүзеге асуы тиіс. Барлық педагог қызметкерлердің алдағы тұрған міндеттерді жауапкершілікпен, нәтижелі орындайтынына сенім білдіремін және өз үлесімді қосуға мүдделімін.

 

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Б.Беккалина

 

 





ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен...

ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылғы 01 шілдеден бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.  ...
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

...
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

ТАҒАЙЫНДАУ Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе...

1 сыныпқа қабылдау

1 сыныпқа қабылдау Құрметті ата-аналар, ұстаздар, балалар, ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2023-2024 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталды! ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің бірінші...
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

"Жыл қорытындысы-2022"

Орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, ауданның орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау мақсатында 2022 жылдың 29 желтоқсаны күні «Жыл қорытындысы-2022» атты аудандық іс-шара өтті. Іс-шарада Қарақия...

«Үздік тәрбиеші - 2022»

"Үздік тәрбиеші-2022"

«Үздік жетекші-ұстаз» дипломымен марапатталды

«Үздік жетекші-ұстаз» дипломымен марапатталды. 

Жүлделі орындармен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, 14-15 қазан күндері Ақтау қаласында өткен Маңғыстау облысы мұғалімдер спартакиадасында волейбол жарысынан Қарақия ауданының қыздар командасы жүлделі  III орынға ие болды. 

Қасым-Жомарт Кемелұлының биылғы Жолдауы

Жолдауда көтерілген мәселелер барлық қазақстандықтарды, бірінші кезекте білім беру ұйымдарының педагогика саласы қызмткерлерін бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Себебі жолдауда еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы бағыттардың бірі сапалы білім беру саласы екендігі баса көрсетілді.  

Хабарландыру!

Қарақия аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаттарына сәйкес, 2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңестің құрылатындығын және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығын...

1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті.

2018 жылдың 15 қараша күні Құрық орта мектеп-гимназиясы базасында  1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. «Зерде» байқауының негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері