Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Жаңалықтар

0

Жастар үшін бірегей бағдарлама!!!

ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ:

Жастар корпусын дамыту жобасы – бұл Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Жобаны іске асыруды Үйлестіру агенттігі жүзеге асырады. Жоба 2017 жылы басталып, Қазақстанның 10 облысынан шамамен 5 508 қатысушыны қамтыды. 2019 жылы Жобаның шеңберінде шамамен 3 500 адам қамтылады.

Іске асыру кезеңі: 2017-2020жж

2018 жылы іске асыру облыстары: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстары және Астана мен Алматы қалалары. 

Мақсаты: Жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту, сондай-ақ, қоғамдастықтың игілігі жолында қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту.

Қатысушылар: Жобаны іске асыру облыстары аумағында тұратын, 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар (оқушылардан басқа)

Басымдықтар: Оқымайтын және жұмыс істемейтін немесе жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар.

Бірегей бағдарламаның элементтері:

-ГРАНТТАР МЕН ШӘКІРТАҚЫЛАР әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін;

- Өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқаруға ОҚЫТУ;

-Жастардың осал топтарын ТАРТУ;

-МЕНТОРЛЫҚ

Қызметтері:

-Жастарға кеңес беру;

-Жастар тобына техникалық қолдау көрсету;

-Әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы есептерді қалыптастыру;

Жоба төрт компонентті қамтиды:

1.Жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну;

-2.Жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту;

3.Жастардың осал топтарымен жұмыс істеу:

4.Тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру.Жобаның қатысушылары өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқарудың бағдарламасы бойынша үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады, сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақылар: ЖОО-ның түлектері - 60 000 теңге, қалған барлық қатысушылар – 40 000 теңге алады.Сонымен қоса, барлық қатысушылар өз жобаларын іске асыру кезінде менторлардың қолдауын алады.Жобаны іске асыру шеңберінде қабылдаушы ұйымдардың конкурсы, менторларды іріктеу бойынша конкурс және жастар үшін гранттық конкурс өткізіледі.

Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасы 6 айға есептелген және оған:

-Жобаның барлық қатысушылары үшін бастапқы 4 күн тренинг;

-Ментормен ай сайын кездесулер;

-Әлеуметтік жобаларды алты айлық іске асыру («әрекет арқылы оқыту»);

- Қортынды 4 күндік тренинг;

-Жобаларды орындау туралы бағдарламалық және қаржы есептерін тапсыру кіреді.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ ЖОЛы:

1-ҚАДАМ – Жастар корпусын дамыту жобасы туралы толығырақ біл;

2-ҚАДАМ – Әлеуметтік жоба әзірлеп, бастамашыл топ қалыптастыр (14-29 жастағы 3-5 адам);

3-ҚАДАМ – Сайтқа өтінім бер;

4-ҚАДАМ – Конкурстық іріктеуден өт;

5-ҚАДАМ – Жастар корпусын дамыту жобасының қатысушысы бол;

6-ҚАДАМ – Өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бағдарламасынан өт;

  - қоғамға пайда әкелетін өз жобанды іске асыр;

  - өмірлік маңызы бар дағдыларға және жобаларды басқаруға оқытудан өт;

7-ҚАДАМ – Жобаның сәтті түлегі бол!!!

Конкурстық іріктеу ҚАЛАЙ ӨТЕДІ?

1-кезең Техникалық іріктеу;

2-кезең Бағалау комиссиясы;

3-кезең Рандомизация;

ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

1.3-тен 5 адамға дейін топ құрыңыз;

2. Әр қатысушы www.zhasprojest.kz сайтына телефон номері бойынша тіркеліп, жеке кабинет ашыңыз;

3.Сауалнама толтырып, құжаттарды қоса тіркеңіз;

4.Әлеуметтік жобаның идеясын бірге ойлап табыңыз;

5.Жоба жазу бойынша тегін тренингтен өтіңіз;

6.Сайттағы нысанға сәйкес өз жобаңызды сипаттаңыз;

7.Топ өз жобалық өтінімін көшбасшының кабинеті арқылы толтырады;

8.Топтың әр қатысушысы өзінің жеке кабинетінен жобаға келісімін растайды;

9.Жобаны  ұсыну тәсілін таңдаңыз;

10.Жобалық өтінімді 15.03-15.04.2019жылға дейін тапсырыңыз;

Осындай пайдалы істер өз нәтижесін беріп жатқанын көргенде біз бекер жұмыс істемейтінімізді түсінеміз. Біз әрбір қатысушының өмірінің оң бағытқа өзгеруіне және  олардың армандарына жету үшін алғашқы қадамдарын бастауына, қоғамның мәселелерін шешуге ат салысуына ықпал етуіміз керек.Жобада жұмыс істеген алты ай ішінде жастар өздеріне пайдалы көп нәрсені үйренеді. Ал қабілеті бар азамат(ша) ары қарай басқа да қызметте өзінің жұмысын көрсете алатыны сөзсіз. Демек, оларды қолдау үшін атқарылған жұмыс, төгілген тер текке кетпейді дегім келеді.


ЖАСТАР КОРПУСЫН ДАМЫТУ ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ АГЕНТТІГІ

( cal –center 8 800 080 15 20 қоңырау соғу тегін, www.zhasprojest.kz сайты )

 





13 мамыр 2023

«Жасыл мекен» республикалық челленджі

13 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдары «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, мектеп аумағына көшеттер отырғызды. Іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.  ...

12 мамыр 2023

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлымен кездесі өтті

2023 жылдың 12 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында басшылар білім саласына қатысты сұрақтарына жауап алды.  ...

12 мамыр 2023

Оқу-жаттығу өткізілді

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі, ағымдағы жылдың 12 мамырда Қарақия ауданы бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау мақсатында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі және аудан әкімдігімен бірлесіп, оқу-жаттығу өткізілді және төмендегідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді. - мектеп персоналына, оның ішінде...

11 мамыр 2023

Тағайындау

Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы тағайындалды.  Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызының білімі жоғары, мамандығы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.  Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласының №12 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып...

31 наурыз 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

1 сыныпқа қабылдау
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

11 қаңтар 2023

Білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі 2023 жылы 11 қаңтар күні Жетібай ауылындағы «№9 бастауыш мектеп» КММ-де жүрмелі кеңес өткізді. Кеңеске Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина, Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Досжанова, білім бөлімінің қызметкерлері және ауданға қарасты мектеп, балабақша директорлары қатысты. Кеңесте күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: •Үштілді білім беруді енгізу барысы туралы; •Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу, жалпы білім беретін...

29 желтоқсан 2022

"Жыл қорытындысы-2022"

"Жыл қорытындысы-2022"

22 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №81 қаулысы негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік беру тапсырысын орналастыратындығын хабарлайды. 2022 жылға арналған Қарақия ауданы бойынша...

22 сәуір 2022

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

22 сәуір 2022

«Үздік тәрбиеші - 2022»

«Үздік тәрбиеші - 2022» 

21 сәуір 2022

«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

 «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

14 сәуір 2022

" Менің Отаным – Қазақстан» слеті

"Менің Отаным-Қазақстан" слеті

31 наурыз 2022

" Ұлттық мектеп лига"

" Ұлттық мектеп лига" 

25 наурыз 2022

«Жасыл әлем, жасыл қала»

«Жасыл әлем, жасыл қала»  

10 наурыз 2022

«Шымырлық пен шеберлік күні»

«Шымырлық пен шеберлік күні» 

2 наурыз 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

1 наурыз 2022

«Үздік экосағат» аудандық байқауы

«Үздік экосағат» аудандық байқауы 

28 ақпан 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

25 ақпан 2022

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

24 ақпан 2022

«Экоэрудит» облыстық байқауы

«Экоэрудит» облыстық байқауы 

14 ақпан 2022

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 

11 ақпан 2022

«Мамандықтар әлемін ашамыз»

«Мамандықтар әлемін ашамыз» 

10 ақпан 2022

№3 жалпы білім беретін мектебінде коворкинг тәжірибе алмасу алаңы ашылды

№3 жалпы білім беретін мектебінде коворкинг тәжірибе алмасу алаңы ашылды 

7 ақпан 2022

Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау

Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері