Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Қарақия ауданы аумағында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) Қарақия ауданы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету, өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) қоғамның өзгеруіне және оның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес Қарақия ауданыныңбілім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны әлеуметтік қорғауды мемлекеттік қамтамасыз ету;
3) білім алуға барлық азаматтардың теңдігі;
4) білім берудің мемлекеттік стандарттары шегінде білім беру қызметтерінің тегіндігі, меншік түрлері, қызмет бағыттары, тәрбие мен оқыту нысандары бойынша білім беру мекемелерінің әртүрлілігі, оның сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің үздіксіздігі, білім берудің ғылыми сипаты, құқықтық және экономикалық бағыты;
5) білім беру жүйесіндегі демократияны және мекемелердегі зайырлы сипатты сақтау.
15. Функциялары:
1) Қарақия ауданы аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындаған тәртіппен Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, орта білім алғанға дейін оларды оқытуды ұйымдастырады;
5) қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
6) Маңғыстау облысының білім басқармасы арқылы қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін Маңғыстау облысының әкімдігіне бекітуге енгізеді;
7) Маңғыстау облысының білім басқармасы арқылы Маңғыстау облысының әкімдігіне бекітуге орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын енгізеді;
8) қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурстық орталықтар) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) Қарақия ауданының аумағында жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға ықпал етеді;
13) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
14) орындаушылар конкурстары мен балаларға арналған кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
15) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
16) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік орталығының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
18) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
19) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
20) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жекелеген санаттардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тегін және жеңілдікпен тамақтануын ұйымдастырады;
22) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастырады;
23) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
24) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында психологиялық қызметке әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;
25) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
26)қамқоршылық кеңестерге көмек көрсетеді;
27) білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетеді;
28) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
29) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
30) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
31) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
32) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын Маңғыстау облысының білім басқармасына келісуге енгізеді және бекітеді;
33) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ Қарақия ауданының тиісті шағын учаскесінің қажеттілігіне қарай орта білім беру ұйымдарының жиынтық-сыныптарының санын келіседі;
34) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданыбойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
35) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және Маңғыстау облысының білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
36) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан (келісім бойынша) ақпарат сұрату және алу;
2) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
3) білім беруді дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
4) білім беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
5) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарын басқару мәселесі бойынша актілерді әзірлеу, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
6) заңнамаға сәйкес Маңғыстау облысының білім басқармасының «Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы білім беру ұйымдары қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындау;
7) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметінің мәні мен мақсаттарын айқындау;
8) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды және олардың орындалуы бойынша есептерді қарау, келісу, бекіту, жүзеге асыру;
9) Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымдары мүлкінің пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
10) Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функцияларына байланысты істер бойынша өз бетінше және өкіл арқылы талапкер, жауапкер, куә ретінде соттарда талап қою және сөз сөйлеу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
12) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Маңғыстау облысы білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін қаланың басқа атқарушы органдарымен, ұйымдарымен және мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
Оқылған саны: 2831