ХАБАРЛАНДЫРУ
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі-бұйрық) бұйрығының 4-тарауына, Маңғыстау облысының әкімдігінің 2024 жылғы 6 мамырдағы №70 қаулысына сәйкес, 4-18 жас балаларға арналған қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін 400 орынға конкурс өтетіндігін хабарлайды.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8)Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
Көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті органдар конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. (24.06.2024-28.06.2024 ж. аралығы)
Құжаттарды қабылдау «Zerek.edus.kz» платформасы арқылы электрондық форматта қабылданады
Электронды форматта жіберілген құжаттарға ұйым басшының қолы қойылған және мөрмен расталған болуы қажет.