Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

ҚР кодекстері

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07 тамыздағы № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8678 тіркелді

"Егемен Қазақстан" 26.09.2013 ж. № 220 (28159); "Казахстанская правда" от 26.09.2013 г. № 282 (27556);

2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 ақпанда № 6061 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2010 жылғы 26 маусымдағы № 251-255 (26100) санында жарияланған);

2) «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 13 мамырда № 6952 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 356-357 (26751) санында жарияланған).

3. Әкімшілік департаменті (Ғ.А. Оспанқұлов):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   Министрдің міндетін атқарушы М. Орынханов

«КЕЛІСІЛДІ» 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

міндетін атқарушы

___________ Е. Егемберді

2013 жылғы 5 тамыз 





Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын бекіту туралы

Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қaғидалары мен шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 07...

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 17 ақпандағы № 566-IV Заңы Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 6, 45-құжат; "Егемен Қазақстан" 2012 жылғы 1 наурыздағы № 78 (27150), 2012 жылғы наурыздағы № 79-80 (27152); "Казахстанская правда" от 1.03.2012 г. № 60 (26879) БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ    1-бап. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; №...

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағыN1567 Жарлығы Мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне жәнеiскерлiк сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемiн: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексі (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшiжойылды деп танылсын:   1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызмет этикасы ережелерiн бекiту туралы"...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері