Маңғыстау облысы
Қарақия аудандық білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Жаңалықтар

10 шілде 2020

EGOV бойынша бірінші сыныпқа қабылдау және мектептер арасында ауысу

...

1 сәуір 2020

Құрметті облыс тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Ағымдағы жылғы 6 сәуір күні еліміздің барлық мектеп оқушылары осы оқу жылының 4 тоқсанында қашықтықтан оқытылады. Оқушылар, электронды құрылғылар (компьютер, ноутбук, планшет немесе смартфон) көмегімен сабақтар өтеді.  

5 наурыз 2020

Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының облыстық кезеңі

Республикалық Мәшһүр-Жүсіп оқуларының облыстық кезеңі, 2020 жылы 04 наурыз күні Ақтау қаласы, ОМИ ғимаратында болып өтті. Аудандық сайыстан 4 бағытқа жолдама алған 4 оқушымыздан 3 оқушымыз жүлделі орындармен марапатталды. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытынан № 8 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Нұрғали Дарын (жетекшісі Самамбетова Күлпаш)І орынмен, «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» бағытынан Құланды орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құрманбай Сая...

5 наурыз 2020

Бала құқығын қорғау

4 наурыз 2020

"Үздік психолог" облыстық байқаудың аудандық кезеңі

Аудандық іс-шара жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4 наурыз күні облыстық «Үздік психолог» педагог-психологтар байқауының аудандық кезеңі өтті. Осы байқауға аудан мектептерінің педагог психологтері  қатысты. Аудандық байқау жеңімпаздары анықталып, білім бөлімінің дипломдармен марапатталды. Аудандық кезеңнен 3-7 жыл еңбек өтілі бойынша І орынды иеленген №10 орта мектебінің психологы – Досова Жамила, 7 жыл еңбек өтілі бойынша І орынды иеленген  №5 орта мектебінің  психологы – Абуова Ақжүніс. ...

4 наурыз 2020

"Үздік психолог" облыстық байқаудың аудандық кезеңі

Аудандық іс-шара жоспарына сәйкес, 2020 жылдың 4 наурыз күні облыстық «Үздік психолог» педагог-психологтар байқауының аудандық кезеңі өтті. Осы байқауға аудан мектептерінің педагог психологтері  қатысты. Аудандық байқау жеңімпаздары анықталып, білім бөлімінің дипломдармен марапатталды. Аудандық кезеңнен 3-7 жыл еңбек өтілі бойынша І орынды иеленген №10 орта мектебінің психологы – Досова Жамила, 7 жыл еңбек өтілі бойынша І орынды иеленген  №5 орта мектебінің  психологы – Абуова Ақжүніс. ...

28 ақпан 2020

"Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңі

2020 жылы 28 ақпан күні Ақтау қаласы, "Білім - инновация" лицей-интернатында өткен республикалық "Жарқын болашақ" қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде, аудандық олимпиада жеңімпаздары қатысып жүлделі орындарды иеленді. Құрық орта мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Кеңесова Үмітжан (жетекшісі Хасанова Әсел) "Әнші бұлбұлдар" бағытынан ІІІ орын, Қарақұдық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Түзелбаева Айман (жетекшісі Жаманкулова Гүлнұр) "Жас қаламгер" бағытынан ІІ орын, №4 орта мектебінің...

27 ақпан 2020

«Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар байқауының республикалық кезеңі

Осы жылы 26-27 ақпан күндері Алматы облысы, Талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы-Жамбыл» жас ақындар байқауының республикалық кезеңінде Қарақия ауданы, 3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алиев Жанболат Үмбетәлі Кәрібаев атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Жетекшісі Орынбасаров Азамат  ...

27 ақпан 2020

«Табиғат лирикасы» суретші мұғалімдер байқауы

Аудандық іс-шара жоспарын орындау мақсатында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай, 2020 жылдың 18 ақпан күні облыстық «Табиғат лирикасы» суретші мұғалімдер байқауының аудандық кезеңі өтті. Осы байқауға аудан мектептерінің суретші мұғалімдері қатысты. Аудандық байқау жеңімпаздары анықталып дипломдармен марапатталды. Аудандық кезеңнен І орынды иеленген Ө.Қалмамбетов атындағы Жетібай балалар өнер мектебінің бейнелеу өнері мұғалімі, Егеубаев Жасұлан облыстық «Табиғат лирикасы» суретшілер байқауынанда І...

18 ақпан 2020

Республикалық "Ақберен" байқауының аудандық кезеңі

Республикалық "Ақберен" байқауының аудандық кезеңі 2020 жылы 17 ақпан күні Мұнайшы ауылы, №7 орта мектепте ұйымдастырылды. Ауданның 14 мектебінен 6 бағыт бойынша оқушылар қатысты. Төмендегі оқушылар 19 ақпан күні Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов атындағы орта мектепте өтетін облыстық кезеңге жолдамаалды. Шешендік бағытынан № 3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Енболатұлы Жеңіс, көркемсөз оқу бағытынан № 3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Исметова Жамила, эссе жазу бағытынан № 3 орта мектебінің...

18 ақпан 2020

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!!!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің базасында 2020 жылдың 11 -14 ақпан аралығында өтті. Облыстық конкурста жеңімпаз атанған жүлдегер «Құрық орта мектеп-гимназиясы» КММ 9-сынып оқушылары республикалық сында ауданымыздың намысын қорғап, жеңімпаз атанды.«Этномәдениет» секциясы бойынша «Қылқобыз» тақырыбымен Аязбай Нұртас, Оралбай Бекболат ІІ дәрежелі диплом (жетекшісі Серекбаева Кумисай); «Өлкетану» секциясы бойынша...

14 ақпан 2020

Тілші мұғалімдер-2020

13-14 ақпан күндері Мұнайлы ауданы, № 9 орта мектепте өткен облыстық “Тілші мұғалімдер-2020» олимпиадасында вуданымыздағы № 4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрым Жаннат жүлделі II орынды иелеп, 40 000 тенге сертификатын жеңіп алды.  ...

13 ақпан 2020

Әбіш оқуларының облыстық кезеңі

2020 ж.13 ақпан күні Мұнайлы ауданы 5 орта мектеп базасында республикалық Әбіш оқуларының облыстық кезеңі өтті. Біздің ауданымыздан қатысқан Қашаған орта мектебінің оқушысы Құрмантай Ұлдай сурет салу бағытынан ІІ орын,4 орта мектебінің оқушылары Манас Айгерім зерделеу бағытынан ІІІ орын, Тәжібай Заманбек мәнерлеп оқу бағытынан III орындарды иеленді.  ...

8 ақпан 2020

Республикалық Қадыр оқулары байқауы

Республикалық Қадыр оқулары байқауының облыстық кезеңінде,№ 7 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Зершал Іңкәр "Сөздің бәрі құдіретті..." бағыты бойынша жүлделі ІІІ орынды (жетекшісі Теңізбаева Ғ.) және осы мектептің 9 сынып оқушысы Тайшық Мира да "Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, кейбір жырым бақташы боп жүр маңда" бағыты бойынша жүлделі ІІІ орындарды (жетекшісі Қаргулова М.) иеленді.   ...

7 ақпан 2020

"Тілші мұғалімдер-2020" олимпиадасы

2020 жылы 05-06 ақпан күндері Жетібай ауылы, № 4 орта мектеп базасында аудандық "Тілші мұғалімдер-2020" олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері қатысты. І дәрежелі дипломмен № 4 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Нұрым Жаннат, Қарақұдық орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исағалиева Жаңагүл,№ 8 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Дүйсенбаева Ақшолпан иеленді. ІІ дәрежелі...

29 қаңтар 2020

ХV «Зерде» республикалық конкурсы

Қарақияның болашақ ғалымдары жетістікке жетті!«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 27 қаңтарында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының ХV «Зерде» республикалық конкурсында Қарақия ауданының намысын қорғаған оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, ІІ орын Арманқызы Ақерке Құрық орта мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы, жетекшісі...

24 қаңтар 2020

Республикалық Ілияс оқулары мен Мұқағали оқуларының облыстық кезеңі

24 қаңтар 2020 жылы Ақтау қаласы, № 5 орта мектеп базасында өтті. Біздің аудандық Ілияс оқуларының бас жүлде иегері Құланды орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қазданбаева Сымбат (жетекшісі Шораева Бибігүл) "Өрнекті сөз" номинациясымен марапатталды. Мұқағали оқуларынан облысқа жолдама алған № 8 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Байрамбай Тілектес (жетекшісі Тұрабаева Сара) жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сайыстың "Ақын мұражайына менің үлесім.." атты 7 айдарында оқушымыздың еңбегін жеке Дипломмен...

23 қаңтар 2020

II Республикалық Абайтану олимпиадасы

2019-2020 оқу жылы, 21-23 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен II Республикалық Абайтану олимпиадасында біздің Қарақия ауданы, Қарақұдық орта мектебінің 11 сынып оқушысы Түзелбаева Айман (жетекшісі Жаманқұлова Гүлнұр) жүлделі III орынды иеленді.  ...

17 қаңтар 2020

Республикалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі

Аудандық білім бөлімінің іс-шара жоспарына сәйкес, 2020 жылы 16 қаңтар күні Мұнайшы ауылы, № 7 орта мектеп базасында Республикалық Қадыр оқуларының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. "Сөздің бәрі құдіретті..." мәнерлеп оқу бағыты бойынша І орын - № 7 о/м, 6 сынып оқушысы Зершал Іңкәр, ІІ орын - №11 о/м, 9 сынып оқушысы Каниева Гүлнұр, ІІІ орын - Қашаған о/м, 6 сынып оқушысы Қозан Жаңылай мен Құрық гимназиясының 8 сынып оқушысы Нұрғали Айдана, «Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,Кейбір жырым бақташы...

17 қаңтар 2020

"Жыр алыбы-Жамбыл" байқауының облыстық кезеңі

Бүгін, 2020 жылы 17 қаңтар күні Ақтау қаласы, "Білім инновация лицейі" ғимаратында өткен Республикалық "Жыр алыбы-Жамбыл" байқауының облыстық кезеңінде біздің Қарақия ауданы, № 3 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алиев Жанболат 1 орынды иелеп, Республикалық кезеңге жолдаманы жеңіп алды.  ...

25 желтоқсан 2019

«Маңғыстаунама-2019» танымдық байқауы

2019 ж 25 желтоқсан күні Ақтау қаласы, 22 орта мектеп базасында «Маңғыстаунама-2019» танымдық байқауының облыстық кезеңі өтті. Жас ақындар бағыты бойынша 3 орта мектеп 11 сынып оқушысы Алиев Жанболат II орын, ән,терме орындау бағыты бойынша 3 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құдайбергенов Әсет III орын, сурет салу бағытынан Қашаған орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құрманбай Ұлдай III орындарды иеленді.  ...

22 желтоқсан 2019

«Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі

2019 жылдың 21 желтоқсан күні Ақтау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс нәтижесінде аудан мектептері көлемінде іріктелініп, ғылыми- жобасы үздік деп танылған 13 зерттеу жұмыс облыстық кезеңге қатысып, оның 12-і жүлделі орындарға ие болды.Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы бойынша:ІІ дәрежелі диплом Сапарбай Мөлдір, №3 ом 5-сынып оқушысы, жетекшісі Отарова...

19 желтоқсан 2019

"Маңғыстаунама-2019" байқауы

Аудандық білім бөлімінің іс-қимыл жоспары негізінде, №4 орта мектеп базасында "Маңғыстаунама-2019" байқауы ұйымдастырылды.Байқау жерлес ғалым, зерттеуші Серікбол Қондыбайдың шығармашылығына арналды.1.Тарихи өткен жерлердің, оқиғалар көрінісінен сурет салу; 2."Мыңжылдық тарихы бар Маңғыстауым" тақырыбында жасақындар шығармашылығы;3.Маңғыстау туралы сазгерлердің туындысын орындау;Облысқа 3 бағыт бойынша 7 оқушы жолдама алды. Сурет салу бағыты бойынша; Қашаған орта мектебінің 9 сынып оқушысы...

3 желтоқсан 2019

"Әбіш әлемі" аты ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде 2019 жылы 29 қараша күні №5 орта мектеп базасында "Әбіш әлемі" аты ғылыми-тәжірибелік конференциясының аудандық кезеңі ұйымдастырылған болатын. Облысқа жолдама алған № 4 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Манас Айгерім мен Құланды орта мектебінің 9 сынып оқушысы Құрманбай Сая, бүгін 03 желтоқсан күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен облыстық кезеңінде де топ жарды. Манас Айгерім жүлделі ІІ орын жетекшісі Нұрым Жаннат, Құрманбай Сая ІІІ...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

16


Мектептер


Оқушылар саны

8529

Ұлдар: 4301 (50.4%)
Қыздар: 4228 (49.6%)


Мұғалімдер саны

812

Ерлер: 97 (11.9%)
Әйелдер: 715 (88.1%)

ҚР мемлекеттік рәміздері