Маңғыстау облысы
Қарақия аудандық білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Білім бөлімі туралы

Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарақия аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 332 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 2597 болып тіркелді.Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 маусымдағы № 166 қаулысымен

Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.06.2016 № 166 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі.

Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

2. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бекқайыровқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Ә. Дауылбаев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қарақия ауданы әкімдігінің  "Қарақия аудандық білім бөлімі"  мемлекеттік мекемесінің басшысы  Байбосынова Клара Хисарқызы 09 желтоқсан 2014 жыл

Қарақия ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 332 қаулысымен бекітілген

Жалпы ережелер

1. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында білім саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 20.10.2015 N 284 қаулысымен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 130300, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 3.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

11. Қарақия ауданының әкімдігі мемлекет атынан Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

12. Осы Ереже Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

14. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілермен Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Мемлекеттік органның мүлкі 

24. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

27. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы білім беру мекемелерінің тізбесі:
1) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
2) "Қарақия аудандық үйлестіру орталығы" мемлекеттік мекемесі;
3) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық селосының № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Қарақия аудандық білім бөлімінің "Қарақия ауданының № 2 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
5) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Жетібай кентінің № 3 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
6) Қарақия аудандық білім бөлімінің "№ 4 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
7) Қарақия аудандық білім бөлімі "Мұнайшы селосының № 5 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
8) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық селосының № 6 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
9) Қарақия аудандық білім бөлімінің "№ 7 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
 10) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Жетібай селосының № 8 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
11) Қарақия аудандық білім бөлімінің "№ 9 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
12) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Болашақ округіндегі № 10 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
13) Қарақия аудандық білім бөлімінің "Құрық орта мектеп-гимназиясы" мемлекеттік мекемесі;
14) Қарақия аудандық білім бөлімі "Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
15) Қарақия аудандық білім бөлімі "Құланды орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
16) Қарақия аудандық білім бөлімі "Аққұдық орталау орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
17) Қарақия аудандық білім бөлімі "Қарақұдық орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
18) Қарақия ауданы әкімдігінің "№ 3 кешкі сырттай жұмысшы жастар орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
19) "Құрық балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) "Ө.Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
 

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

16


Мектептер


Оқушылар саны

8529

Ұлдар: 4301 (50.4%)
Қыздар: 4228 (49.6%)


Мұғалімдер саны

812

Ерлер: 97 (11.9%)
Әйелдер: 715 (88.1%)

ҚР мемлекеттік рәміздері