Маңғыстау облысы
Қарақия аудандық білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Мемлекеттік органның құқығы мен міндеттері

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

15. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
аудан аумағындағы білім саласындағы мемлекетік саясатты іске асыру және балалар мен жасөспірімдердің білім алуын қамтамасыз ету.
16. Міндеттері:
1) білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім берудің мемлекеттік стандарттарын және басқа нормативтік құжаттарды бақылау жасау;
2) адамның рухани және дене өсуінің мүмкіндіктерін ашу, имандылық пен ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыру жөнінде мектептер, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің жұмыстарын үйлестіру, даралық даму үшін жағдай жасап, парасатын байыту;
3) қазақ халқының, сонымен қатар ауданда тұрып жатқан басқа ұлттардың мәдениетін, салт-дәстүрін зерттеу үшін жағдай жасау;
4) аудан тұрғындарының толық орта білім алуына теңдей мүмкіншілік жасау;
5) ауданның мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарының жағдайына бақылау мен басшылық жасау;
6) директорлар алқасына, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі кәмелетке толмағандардың кеңесіне басшылық жасау;
7) пәндерді тереңдетіп оқытудың, білім берудің жаңартылған мазмұнын оқытудың нұсқаларының бағдарламаларын әзірлеу, бекіту;
8) білім беру мекемелерінің материалдық базасын нығайту, оларды жөндеу, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, 9-11 сынып оқушыларын жұмысқа орналастыру;
9) мектептерді оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
10) мұғалімдердің әдістемелік шеберлік деңгейін көтеру, қайта даярлау курстарынан өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
11) оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде озат педагогикалық тәжірибелерді енгізу және тарату жөніндегі жұмыс;
12) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
13) кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
17. Функциялары:
1) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастырады;
2) жергілікті бағыныстағы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келуіне ұдайы бақылау жасауды ұйымдастырады;
3) білім беру саласындағы орталық атқарушы органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізеді және педагогикалық қызметкерлерге біліктілік санаттарын береді;
4) жергілікті бюджеттен қаржыландыратын орта білім беру, мектепке дейінгі тәрбие және оқу, мемлекеттік ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларын тағайындайды және босатады;
5) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта және жалпы білім беру мәселелері бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есеп беріп отырады;
6) аймақтық деңгейде педагог кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға ықпал жасайды;
7) білім беру сапасын басқаруды, білім беру ұйымдары ұсынатын қызметін әдістемелік және әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
8) білім беру мекемелерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;
9) жергілікті маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
10) ведомстволық бағынышты ұйымдарды белгілеген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды жүзеге асырады;
11) білім берудің мүддесін аудан әкімі мен облыстық білім басқармасына ұсынады және қорғайды;
12) ауданның білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлейді, аудан әкімінің білім беру саласындағы шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындайды;
13) аудан әкімінің және облыстық білім басқармасының шешімдерін іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
14) білім беру мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар, кеңестер өткізеді, аудандық және облыстық деңгейдегі комиссиялар жұмысына қатысады;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарайды, жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды;
16) әр түрлі деңгейдегі гранттарды инвестициялауға және қатысу құқығына ие;
17) ата-аналық құқықтарын асыруға немесе шектеуге, ата-аналық құқықтарын қалпына келтіруге, бала асырап алуды тоқтатуға немесе жарамсыз деп тануға байланысты істерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексіне сәйкес басқа істерді қараған кезде сотқа қатысу;
18) балаға немесе оның денсаулығына қауіп төнген жағдайда жергілікті атқарушы органның шешімі негізінде сот шешімі қабылданғанға дейін ата-аналарынан немесе өзге тұлғалардан баланы дереу алып қоюды жүзеге асыру;
19) егер қорғаншылардың немесе қамқоршылардың қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша әрекеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қамқорлыққа алынушылардың мүдделеріне қайшы келетін болса, қорғаншылар немесе қамқоршылар қамқорлыққа алынушылардың заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырмайтын болса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттық тәрбиедегі, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған арналған ұйымдардағы балалардың заңды мүдделерін кез-келген адамдарға қатысты (оның ішінде соттарда ) білдіру;
20) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, өмірде қиын жағдайға душар болған балаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
21) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қатысты мәселелер бойынша ата-аналар арасындағы келіспеушіліктерді шешу;
22) қорғаншылық және қамқоршылық бойынша даулы мәселелер мен (немесе) конфліктілі жағдайларды шешу үшін, білім бөлімінің жанында коллегиалдық орган – қорғаншылық және қамқоршылық бойынша кеңес құрылады, оның құрамы аудан әкімдігінің қаулысымен бекітіледі;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге іс-қимылдарды жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
1) ауданның жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа материалдарды сұрап алуға;
2) бөлімнің құзыретіндегі мәселелер бойынша ведомстволық бағыныштағы ұйымдардың жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, білім саласындағы заңнамаларды қолданылуы бойынша түсініктеме беруге;
3) қолданыстағы заңнамаларды бұзған білім ұйымдарының басшыларын заңмен белгіленген тәртіптік жауапқа тартуға;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің алқа отырыстарына, жиналыстарына қатысуға және ұсыныстар беруге;
5) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу, олардың міндетті орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;
6) мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының жүйесін дамытудың жоспарларын әзірлеу, олардың мүддесін мемлекеттік басқару органдарында қорғау және мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларын орындауын жүзеге асыру;
8) кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселелерін шешу, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуының алдын алу бойынша жұмысын ұйымдастыру.

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

19. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орынбасарының лауазымы қарастырылмаған.
22. Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) барлық органдарда мемлекеттік органның мүддесін қорғайды;
3) сектор меңгерушісінің және басқа да қызметкерлерінің құзырын белгілейді;
4) мемлекеттік органның мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
5) банкте есеп шоттар ашады;
6) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
7) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
8) қызметкерлерді марапаттайды және тәртіптік шаралар қолданады;
9) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
10) заңда белгіленген тәртіппен бағынысындағы ұйымдарының басшыларын, әдіскерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
11) сыбайлас құқық бұзушылықтарға қарсы қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты;
12) заңдылықпен және осы Ережемен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Қарақия ауданы әкімдігінің "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
23. Бірінші басшы сектор меңгерушісінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 


Оқылған саны: 2209

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

16


Мектептер


Оқушылар саны

8529

Ұлдар: 4301 (50.4%)
Қыздар: 4228 (49.6%)


Мұғалімдер саны

812

Ерлер: 97 (11.9%)
Әйелдер: 715 (88.1%)

ҚР мемлекеттік рәміздері