22 қазан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №81 қаулысы негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік беру тапсырысын орналастыратындығын хабарлайды.
2022 жылға арналған Қарақия ауданы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ |
Қосымша білім беру бағыттарының түрлері |
Үйірме атаулары |
Білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің саны |
Айына бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құні, теңге |
1 |
Туристік-өлкетану |
«Жас өлкетанушы» |
20 |
12294 |
2 |
Экологиялық-биологиялық |
«Фитодизайн» |
13 |
12294 |
«Жас эколог» |
13 |
12294 |
||
3 |
Ғылыми-техникалық |
«Робототехника» |
30 |
12294 |
«Авиамодельдеу» |
30 |
12294 |
||
«ЗD модельдеу» |
35 |
12294 |
||
4 |
Әлеуметтік-педагогикалық |
Дебат |
30 |
12294 |
«Ұшқыр ой алаңы» |
35 |
12294 |
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарғысында (ережесінде, құрылтай шартында) балаларға қосымша білім беру саласындағы қызметті көздейтін Ұйымдарда орналастырылады.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ұйымдарды іріктеу келесідегідей құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады:
1) өтініш;
2) Ұйым Жарғысының (ереженің, құрылтай шартының) болуы;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың немесе жалдау шартының болуы;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының болуы.
5) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар педагогтердің болуы;
6) олардың жалпы саны педагог қызметкерлердің жалпы санының кемінде
10 пайызын құрайтын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, сарапшылардың, ғылыми қызметкерлердің, магистрлердің болуы;
7) Ұйымның (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) жұмыс тәжірибесінің болуы (болған жағдайда) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;
8) балаларға қосымша білім беру бойынша іске асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу;
9) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;
10) Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды (сақтандыруларды) және оның техникалық сипаттамаларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу);
11) санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелген) (бұдан әрі – санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер туралы бұйрық) қосымша білім беру ұйымдарында күндізгі болу ұзақтығы төрт сағат және одан да көп болғанда балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру;
12) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін Конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;
3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;
4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;
5) педагогикалық немесе арнаулы білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білімі туралы құжаттарының көшірмелері;
6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;
7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат.
68. Мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелер ("электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы) және ҰБДҚ арқылы Комиссия мынадай мәліметтердің болуын және негізділігін тексереді:
1) осы Ережелерге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш негізінде балаларға қосымша білім беру бойынша жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларын көрсете отырып, ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде тіркелу.
2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңға сай эпидемиялық маңызы аз нысанның қызметінің (пайдалануының) басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарландыру;
3) заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды (сақтандыруларды) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын тіркеу;
4) күндізгі ұзақтығы төрт сағат және одан көп балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы бұйрыққа сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі болуы;
5) мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін Конкурсқа қатысуға құжаттар ұсынылғанға дейін кемінде бір ай бұрын берешектің жоқ (болуы) туралы мәліметтер.
Ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды білім бөлімініңе электронды форматта жібереді.
Құжаттарды электронды форматта ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бұл құжаттарды Ұйым білім бөлімінің құжатпен қамтамасыз ету қызметіне қағаз форматта жібереді.
Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы куәлік (талон) Ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім басқармасы органының құжатпен қамтамасыз ету қызметі бойынша беріледі.
Комиссия білім басқармасы органында құжаттарды тіркеу аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Ұйымдар ұсынған құжаттарды, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден келіп түскен құжаттарды қарайды. Комиссия құжаттарды алдын ала зерделеу үшін жұмыс топтарын құрады.
Комиссия хаттамасының негізінде білім басқармасы органдары өтініш берген кездегі атауын, бос жұмыс орындарының санын және байланыс деректерін көрсете отырып, Ұйымдар тізімін қалыптастырады.
Ұйымды Ұйымдар тізіміне енгізуден бас тарту Ұйымдар тізіміне енгізудің келесі конкурстық рәсіміне қайта қатысуға кедергі келтірмейді.
Бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысын берген ұйымдар осы Ережелердің 67 және 68-тармақтарында көрсетілген жаңартылған құжаттарды ұсынған жағдайда келесі күнтізбелік жылға Ұйымдар тізбесіне енгізіледі.
Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізуге;
2) егер олар осы Ережелердің 66-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келмесе, Ұйымда балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізуден бас тартуға құқылы.
Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Комиссия отырыстары, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, заңды деп есептеледі.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беру органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
Комиссияның шешімі негізінде білім басқармасы органдары қолда бар ресурстарда (ресми веб-сайтта, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесіне енгізілген Ұйымдар туралы ақпаратты, ұйымның атауын, заңды мекен-жайын, орналасқан жерін, қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары туралы мәліметтерді, сағаттардың көлемін, оқыту тілдерін, үйірмелердің/секциялардың түрлерін, орындардың санын қамтиды.
Ұйым балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындардың санын көрсете отырып, білім бөлімімен балаларға қосымша білім беру бойынша білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасайды.
Ұйымның қызметтерді көрсетуі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұйым мен ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер арасында жасалған шарт негізінде жүзеге асырылады.
Ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша белгіленген құнына сәйкес балаларға қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында көзделмеген сабақтарды өткізу үшін ұйымның ақылы қызметтер көрсету шарттары көрсетілген шартта көзделеді.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын алу үшін балалар контингентін қалыптастыру ҰБДҚ сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымға қабылдау Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен бекітілген "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мемлекеттік қызмет көрсету Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Қосымша қабылдау жыл ішінде бос орындар болған жағдайда ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады.
Білім бөлімі балаларға қосымша білім беру жөніндегі қызметтердің құнын төлейді:
1) кестеге сәйкес сабаққа қатысу (болу) дәлелі бойынша;
2) дәлелді себептер бойынша сабаққа қатыспаған (растайтын құжаттарды көрсеткен кезде: ауру, сауықтыру және емдеу, санаториялық-курорттық ұйымдарда оңалту, айына 3 (үш) сабақтан аспайтын);
3) күнтізбелік бір жыл ішінде ата-анасының біреуінің немесе өзге де заңды өкілдерінің бір айдан аспайтын (өтініш болған жағдайда) еңбек демалысында болуына байланысты сабаққа қатыспауы.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы 3 (үш) сабақтан артық және себепсіз жағдайлармен болмаған балалар үшін төленбейді.
Күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолдану арқылы көрсетілетін қызметтердің актісі шығарылатын желтоқсан айын қоспағанда, әрбір келесі айдың 1-ші күні ұйым айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша ҰБДҚ ақпараттық жүйесінен жүктелген ақпаратты қолданумен көрсетілген қызмет көрсету актісін береді.
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ұйымдарда күнтізбелік жылда бір рет осы Ереженің сақталуына жоспарлы мониторинг жүргізіледі.
Жоспарлы мониторингті Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, білім басқармасы органдарының және (немесе) өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып жүргізеді.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган жоспарлы мониторинг жүргізу мерзімі көрсетілген хабарламаны Ұйымға тапсырыс хатпен немесе электрондық пошта арқылы бір ай бұрын жібереді.
Жоспарлы мониторинг нәтижелері бойынша Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде акт жасайды және Ұйымдардың қарауы үшін білім басқармасы органының ресми интернет-ресурсында орналастырады.
Осы Қағидалардың нормаларын бұзу фактілері анықталған кезде ұйымдар комиссия актісін алғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жояды және білім бөлімінің БҚҚ қызметіне басшының қолы қойған растайтын құжаттарды ұсынады.
Қайталанатын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда Ұйым Комиссияның тиісті шешімі негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі ұйымдардың тізбесінен шығарылуға жатады.
Комиссия 5 (бес) жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға Ұйымның Ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Білім басқармасы органдары ресми интернет-ресурстардағы Ұйымдар тізімін жаңартады және Комиссиядан хабарлама алған күні Ұйымды қаржыландыруды тоқтатады.
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың Ұйымдардың қызметіндегі бұзушылықтар және осы Қағидалардың талаптары туралы өтініштері негізінде білім басқармасының органы ӘРПК (Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс) көзделген мерзімдерде жоспардан тыс мониторинг жүргізеді.
Ұйым балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелері бойынша оқу жылының соңында осы Ережелерге 6-қосымшаға сәйкес электрондық немесе қағаз нысанда оқу нәтижелерін растайтын құжат (сертификат) береді.
Мемлекеттік білім беру |
Өтініш
Сізден ______________________________________"Ұлттық білім беру деректер қоры"
(Ұйым атауы) ақпараттық жүйесіне қосуды сұраймын.
Ұйым Басшысы __________________________________________________
(Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ______________ (қолы)
Толтырылған күні
Мемлекеттік білім беру |
Өтініш
Сізден ____________________________________________________
(Ұйым атауы)
Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін
тізбеге енгізуді сұраймын.
Осымен келесіні хабарлаймын:
1) дайындық бағыты _________________;
2) орналасқан жері _________________.
Қосымша білім беру ұйымы балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде балаларды оқыту жөніндегі қызметтер үшін ата-анадан төлемақы алынбайды.
Осы арқылы қосымша білім беру ұйымы:
1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде қосымша білім беру ұйымының нақты мүмкіндіктер шегінде балаларды қосымша білім беру ұйымына қабылдау жөніндегі талаптары;
2) Балалар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптары;
3) қосымша білім беру ұйымдары қызметінің нормалары мен қағидалары бекітілсін.
4) ай сайын ұлттық білім беру деректер базасында өзінің білім туралы ақпаратты:
- білім алушылар;
- педагогтер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптары;
6) балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың осы қағидаларының талаптары бекітілсін.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ______ парақта.
(Басшының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) ______________ (қолы)
Толтырылған күні ______________
Мемлекеттік білім беру |
Сертификат (құжат атауы)
_________________________________________________________________________-
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) кезеңінде балаларға қосымша білім
беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білімін жетілдірді
__________________________________________________________________________
(кезеңін көрсету) (ұйымның атауы)
___________________________________ көлемі___________сағат ________________
(бағытын көрсету)
Ұйым Басшысының бұйрығы "__"___________ 20 ____ жылғы ________
Тіркеу № _ _ _ _ Берілген күні "____" ___________ 20 ___ жыл
Қосымша ________________________________ (құжаттың атауы)
№ |
Бөлімдер атауы |
Сағат саны |
19 маусым 2024
Хабарландыру
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі... : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі19 маусым 2024
Объявление!
В соответствии пункта 4 приказа Министра просвещения Республики Казахстан от 27 августа 2022 года "Об утверждении Правил размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование,... : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі22 қараша 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,... : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі1 қараша 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ
Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға,... : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі22 қазан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру...18 қазан 2021
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Конкурс жариялайды Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан...14 қазан 2021
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту...19 сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ!
...5 сәуір 2019
Аудан тұрғындарының назарына!
«Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, жолдама беру» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту ұшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға...12 ақпан 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы...24 қаңтар 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті Ұстаздар! Қарақия аудандық білім бөлімі, Жетібай, Құрық ауылының мектептеріне пән мұғалімдерінің жетіспеуіне байланысты (математика, химия, орыс тілі мен әдебиеті) жоғары, бірінші және «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагаг-шебер»...30 қараша 2018
Аудан тұрғындарының назарына!
«Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою, жолдама беру» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту ұшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға...16 қараша 2018
Хабарландыру
Қарақия аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаттарына сәйкес, 2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңестің құрылатындығын және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығын...15 қазан 2018
Мектеп балабақшаларға бөлінген жылдык бюджеті
...9 қазан 2018
МКҚК «Айгөлек»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы
...9 қазан 2018
МКҚК «Өркен»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы
...9 қазан 2018
МКҚК «Аяла»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы
...9 қазан 2018
МКҚК «Нұршуақ» балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы
...9 қазан 2018