Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Хабарландырулар

18 қазан 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 

  Конкурс жариялайды

Маңғыстау облысының білім басқармасының  «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 бұйрығына сәйкес, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Мектеп директоры  лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 110000 теңгеден 145500  теңгеге дейін.

Балабақша басшылары  лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 88661,97 теңгеден 104589,27 теңгеге дейін.

Қосымша білім беру ұйымының басшысының жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 110000 теңгеден 119675,96  теңгеге дейін.

Оқушылар шығармашылық орталығы жедел басқару құқығындағы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны басшысының жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 100 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін

-Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің"№11 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалпы білім беретін Құланды  мектебі» КММ;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Аққұдық негізгі мектебі" КММ

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «№9 бастауыш мектеп» КММ;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық орталығы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі» жедел басқару құқығындағы МКҚК;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Өркен» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Еркемай» бөбекжайы жедел басқару құқығындағы МКҚК;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Балдырған» санаториялық бөбекжайы» КММ;

- Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Айгөлек» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК;

-Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «Аружан» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК.

Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары  ( жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының  немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы(мемлекеттік қызметшілерді,педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың),біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).

Қосымша білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

Шағын жинақты мектептер үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

Білуге міндетті (мектеп): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», "Педагог мәртебесі туралы",  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы»,«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын  нормативтік-құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Білуге міндетті (балабақша): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы",  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Білуге міндетті (Қосымша білім беру ұйымының басшысы) Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы",  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы негізінде өткізіледі (әрі қарай – Қағида) (Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 ж. №213).

 Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру Маңғыстау облысының білім беру басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің әлеуметтік желі парақшаларында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап  7 жұмыс күні ішінде құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Конкурсты өткізу мерзімі жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.

Конкурсқа қатысу  үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып,алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Конкурстық орналастыру (бұдан әрі-Конкурстық орналастыру)бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады.

1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

2) конурсқа  қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;

3) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;

4) заңнаманы және педагогика,психология негіздерін білу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді)

5) кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес)  келісу;

6) кандидаттарды облыстық білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;

7) білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.

Мекен-жайымыз: Қарақия ауданы,  Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №2 үй.

Анықтама алу үшін телефондар: 8(72937) 2 13 54

Электронды мекен-жайы: karakia_raion@mangystau.gov.kz

 





22 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі-бұйрық)...
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

1 қараша 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (одан әрі-бұйрық)...
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

22 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №81 қаулысы негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік беру тапсырысын орналастыратындығын хабарлайды. 2022 жылға арналған Қарақия ауданы бойынша...

18 қазан 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі     Конкурс жариялайды Маңғыстау облысының білім басқармасының  «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім...

14 қазан 2021

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 сәуірдегі "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан...

19 сәуір 2020

ХАБАРЛАНДЫРУ!

...

5 сәуір 2019

Аудан тұрғындарының назарына!

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою,  жолдама беру» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту ұшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін халыққа автоматтандырылған түрде көрсету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасының»...

12 ақпан 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 510 бұйрығына сәйкес,  бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. Мектеп директоры  лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 97335...

24 қаңтар 2019

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті Ұстаздар! Қарақия аудандық білім бөлімі, Жетібай, Құрық ауылының мектептеріне пән мұғалімдерінің жетіспеуіне байланысты (математика, химия, орыс тілі мен әдебиеті) жоғары, бірінші және «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагаг-шебер» біліктілік санаттары бар ұстаздарды жұмысқа шақыратындығын хабарлайды. Толық мәлімет алу үшін төмендегі мекенжайға хабарласуды сұрайды. Қарақия ауданы, Құрық ауылы, «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Байланыс деректері:  ☏ 8...

30 қараша 2018

Аудан тұрғындарының назарына!

«Мектепке дейінгі жастағы балаларды кезекке қою,  жолдама беру» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту ұшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін халыққа автоматтандырылған түрде көрсету Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2018-2020 жылдарға арналған цифрлық экономика үшін адами капиталды дамыту жөніндегі жол картасының»...

16 қараша 2018

Хабарландыру

Қарақия аудандық білім бөлімі, білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаттарына сәйкес, 2018-2019 оқу жылына Қамқоршылық кеңестің құрылатындығын және оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатындығын хабарлайды. Байланыс телефондары: 8/72937/ 2-13-54; 5-25-71. ...

15 қазан 2018

Мектеп балабақшаларға бөлінген жылдык бюджеті

...

9 қазан 2018

МКҚК «Айгөлек»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы

...

9 қазан 2018

МКҚК «Өркен»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы

...

9 қазан 2018

МКҚК «Аяла»Балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы

...

9 қазан 2018

МКҚК «Нұршуақ» балабақшасы 2018 жылға бөлінген қаржы

...

9 қазан 2018

«Болашақ» балабақшасының 2018 жылға бөлінген қаражат игерілуі

...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері