Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері

26 қараша 2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша қыркүйек-қараша аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер

Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2021-2022  жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2021 жылдың 17 қазан  күнгі №179 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

 Білім беру ұйымдарының дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Сонымен бірге, «Мақсатымыз - жемқорлыққа тосқауыл қою» тақырыбында жадынамалар үшін жаңадан арнайы стенд жасақталған. Білім беру ұйымдарының ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған.

Білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша  төмендегідей  іс-шаралар өткізілді.

 

Іс –шаралар атауы

Ақпарлама

Қатысқан

1

Орта білім беру ұйымдарының басшыларының  оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу.

3.11.2021 ж күні «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің басшысы К.М.Айманова оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесуін өткізді.

Мұғалім:46

Ата-ана:120

Есепші: 2

2

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында

құқық қорғау органдары қызметкерлерінің оқушылармен, педагогтармен кездесулер ұйымдастыру  (семинарлар, дөңгелек үстелдер)

8.10.2021 ж. күні "Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі жастардың рөлі" тақырыбында онлайн мастер класқа 10-11 сынып оқушылары қатыстырылды.

Спикерлер:"Адалдық Алаңы" кеңсесі және қоғам белсенділері, медиа тұлғалар. Онлайн форматта өткен конференцияда оқушылар өз сұрақтарын қойып, кездесу қонақтарымен сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Мұғалім: 4

Оқушы: 17

3

Мектеп оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру жөнінде сынып сағаттарын өткізу

Қазан айында 5-11 сыныптарда Адалдық сағат қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді. 6-7 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлық-қоғм дерті» тақырыбында суреттер байқау ұйымдастырылды.

Мұғалім: 10

Оқушы: 150

4

«Адал ұрпақ» мектеп клубының слетін өткізу

Қыркүйек айында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы мүшелерімен отырыс өтті. Еріктілер клубына 17 оқушы қабылданып, жоспары жасақталып, таныстырылды.Клуб жетекшісі Аға тәлімгер Конысбаева Гулшат Қияшқызы бекітілді. Қыркүйек айында «сенім жәшігі» жаңартылып,   «сенім телефонына» жауапты маман тағайындалды.

Қазан айының 20 күні мектепішілік «Адал ұрпақ» слеті өтті.

«Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. «Үздік» деп танылған 8-сынып оқушысы Қарамырзаева Жансая, 10-сынып оқушысы Бақтауова Асемай жұмыстары аудандық сайысқа жолданды.

Мектеп дәлізінде «Парасатты азамат» стендісі ілініп, «Адалдық дүкені» тұрақты жұмыс жасайды.

Қазан айында 5-11 сыныптарда Адалдық сағат қазақтың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мұғалім: 5

Оқушы: 220

5

Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрықпен таныстыру

10.09.221ж күні «№1 ЖББМ»КММ-нде ақша жинауға жол бермеу мақсатында  ZOOM желісі арқылы «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбында ата-аналармен жиналыс өткізіліп, Ата-аналарды бұйырықпен таныстырды.

Мектептің 1-қабатында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында оқушылар мен ата-аналарға арналған мектептегі теріс әрекеттер, ұрлау және күшпен ақша алу жағдайларын кездестіру кезінде оқушылар өз ескертулерін жасап, өтініштерін хат жазу арқылы білдіретін арнайы «Сенім жәшігі» ілінді. Бұл жәшікке келіп түскен өтініштер мен хаттар апта соңында мектеп әкімшілігі және мектеп инспекторының қатысуымен алынып, жұмыс жүрізіліп, қаралады. Сонымен қатар, сенім телефондары жазылып, көрсетілген.

Мұғалім:21

Ата-ана:103

Есепші:2

6

Адалдық сағаты

26.10.2021ж күні адалдық сағаты өткізілді. Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесіп әзірлеген бейне-дәріс мектебіміздің 5-11 сыныптарына көрсетілді. Кезекті «Адалдық сағаты» қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаевқа арналады. Саналы ғұмырын елі мен жеріне арнаған Әбіш жаңа мемлекет тұсында маңызды қызметтерді абыроймен атқарды. Оның ұлт мүддесі үшін еткен еңбегі мен жанашырлығы жазушыны парасат биігіне жеткізді. Бейнематериалда Әбіш Кекілбаетың ұлттық құндылықтар мен мүддені алға қойғандығын, қайсар рухты, өр мінезді дәріптейтін тарихи шығармалары мен көркем әдебиеті ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде зор маңызын бейнелейді. Сонымен қатар, шығармашылығы арқылы ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет етудің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың үлгі-өнегесін таныта отырып, азамат ретінде замандастары мен қаламдастарына, достары мен оқырмандарына адалдықтың өлшемін көрсете білгендігі баяндалады. Осы бейне-дәріс арқылы көрген Әбіш Кекілбаевтың өмір жолы мен азаматтық ұстанымдары, еңбексүйгіштігі, елі үшін атқарған қызметі жастарды адал, әділ, отансүйгіш әрі ұлтжанды болуға үндейді деп сенеміз.

Мұғалім: 4

Оқушы: 27

7

«Жемқорлыққа  жол жоқ!» сынып сағаты

Қыркүйек айының 13-17 аралығында «Жемқорлыққа  жол жоқ!» тақырыбында 1-4 сынып   оқушыларына сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

Мұғалім:17

Оқушы:147

8

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жүргізу баршамызға ортақ міндет» сынып сағаты

Қыркүйек айының 20-24 аралығында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күрес жүргізу баршамызға ортақ міндет» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларына  сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

Мұғалім:12

Оқушы:131

9

«Қылмыс пен жаза» сынып сағаты

27-30 аралығында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына  сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

Мұғалім:8

Оқушы:71

10

«Қылмыс пен жаза» сынып сағаты

27-30 аралығында «Қылмыс пен жаза» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына  сынып жетекшілері сынып сағаттарын өткізді.

Мұғалім:8

Оқушы:71

11

Жалпы ата-аналар жиналысы

Болашақ ауылындағы №10 жалпы білім беретін мектебінің ата-аналар арасында ақша жинамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.16.09.2021

Ата-ана – 52

Педагог - 30

12

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы

2021 ж қыркүйек айында ерікті мектеп клубы құрылды.

Клуб жетекшісі: АӘД пәні мұғалімі А.Бақбергенов.

Клуб құрамы 10 оқушыдан тұрады

13

«Парасатты азамат» стендісі

Стенд жаңартылып, толықтырылды

14

«Адалдық дүкені»

«Адалдық дүкені» ашылып, тұрақты жұмыс жасайды

Дүкен жұмысы күніне 30 баланы қамтиды

15

Қазан айында «Жемқорлықсыз әлем! тақырыбында  эссе байқауы өткізілді

«Үздік»- деп танылған  9-сынып оқушысы Исламағзам Динара және 10-сынып оқушысы Арыстан Аружанның жұмыстары аудандық сайысқа жолданып, жүлделі 1,2-орындарға ие болды.

Байқауға 7 оқушы қатысты, 3 оқушы аудандық байқауға жолдама алды.

16

«Жемқорлықсыз өмір – жарқын өмір бастауы»

11.09.21 ж күні Қарақұдық орта мектебінде  «Жемқорлықсыз өмір – жарқын өмір бастауы» атты тақырыпта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында отырыс өтті. Жалпы ата-аналар жиналысында бірнеше мәселелер қозғалды. Соның бірі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары. Әңгімелесу форматында еркін сұрақ-жауап ретінде өткен іс-шара болды.

Мұғалім: 35

Ата-ана:  86

17

«Адалдық сағатында» Қазақтың төл перзенті Әбіш Кекілбаев

25.10.21 ж күні «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай» 6 «Б» сынып оқушыларының адалдық сағаты қазақтың төл перзенті, Әбіш Кекілбайұлы туралы өтті. Адалдық сағатының басты мақсаты: Заңғар тұлғаның өмірінен сабақ беру. Тәртіп пен тәрбие туралы ақпарат беру. Елдің, халықтың азаматы болуға баулу.

Мұғалім: сынып жетекші

Оқушы: 15

18

«Адал ұрпақ – ел болашағы» дөңгелек үстел.

28.10.21 ж күні «Адал ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында 6 «А» сыныбына Бурабек Роза дөңгелек үстел өткізді. Болашақ ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіруі, әрдайым елдің азаматы болып, адал жүріп, адал тұру туралы керемет еркін форматта өткен іс-шара болды.

Басты мақсат: Оқушыларға өмірде ата - анаға, досқа адал бола білуге баули отырып, әр адамның адал ісі мен адамдығы өз бойынан көрінетінін түсіндіру. Шешен кісі сөз бастар, Адал кісі – ел бастар деп Жамбыл Жабаев атамыз айтқандай ертеңгі қазақ елінің болашағы оқушыларымызға тәлім мен тәрбиені қатар ұштастырып үйретіп жүрген ұстазына мың алғыс!

Мұғалім: 2

Сынып жетекші, ДТЖО

Оқушы: 18

19

«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік»

4.11.2021 жылы «Жалпы білім беретін Құланды мектебі» КММ-ның басшысы  Д. Кыстаубаев педагогтар мен кіші қызметкерлерге және ата-аналарға «Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік» тақырыбында жиналыс өткізді.  Мақсат: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жағдайлары жайлы түсінік беру; өз көзқарастарын білдіріп өз ойларын еркін жеткізуге және өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау, әділдікке шақыру.

Мектеп директоры Д.Кыстаубаев сыбайлас жемқорлық пен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Бұл еліміздегі үлкен саяси әлеуметтік қасірет болып отырғандығы туралы айтып өтті. Сыбайлас жемқорлық- бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан бұл індетке қарсы тұруға шақырды.

Мұғалім 12

Ата-ана 8

20

«№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ  оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру  ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаражаттың жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу.

3.11.2021ж күні «№8 ЖББМ» КММ –нің басшысы С.Н. Тұрабаева  мектеп ұжымы мен ата-аналардың алдында бюджеттен бөлінген қаржы туралы есеп беріп өтті.

Мұғалім –112

Ата –ана 47

Есепші -3

21

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Ақпараттық –ағарту штабы –Агенттік жанынан құрылған консультативтік – кеңесші орган ұйымдастыруымен "Qazaqstan jastary" қоғамдық бірлестігі және "Mangystau-Adaldyk alany" жобалық кеңсесі облыс тұрғындары арасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында жариялаған байқауы.

18.10. 2021 ж

Байқау-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға бағытталған аудандық Эссе  байқаудан мектебіміздің 11-сынып оқушысы Ержан Ш 3 орын  алды.

Облыстық  Ақпараттық – ағарту штабына эссе жұмысы жолданды.   (қаралуда )

11 - сынып оқушысы Ержан Ш. Жетекшісі:

Меңдіқұлова С.

 





26 қараша 2021

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша қыркүйек-қараша аралығында өткізілген іс-шаралар туралы мәліметтер

Маңғыстау облысы білім басқармасының  «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы...

14 қазан 2020

Сыбайлас жемқорлық

Қарақия аудандық білім бөлімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы Сыбайлас жемқорллыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1.   Қоса беріліп отырған «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандары бекітілсін. (қосымша-1). 2.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3.   Осы бұйрық қол...

14 қазан 2020

Әдеп кодексі

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.   «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман Шилдебаева Кадиша Абдрахмановна Әдеп және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі...

14 қазан 2020

Уәкіл

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау туралы   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру, «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қызмет әдеп нормаларын сақтау және заңнама бұзушылықтарының алдын-алу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1.   «Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман Шилдебаева Кадиша Абдрахмановна Әдеп және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі...

15 сәуір 2019

Наурыз – сәуір айларынд ауданға қарасты мектептерде өткізілген іс-шаралар

...

3 наурыз 2019

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

...

3 наурыз 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы

...

3 наурыз 2019

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

...

1 наурыз 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимылдың 2015-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасын бекіту туралы қаулысы

...

1 наурыз 2019

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңы

...

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері