Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы
Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы 1978 жылы 28 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, мамандығы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласының №12 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып бастады.
2002-2003 жылдар аралығында облыстық білім басқармасында бас маман,
2003-2006 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінде бас маман,
2006-2014 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінде жалпы орта білім секторының меңгерушісі,
2014-2017 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінде бөлім басшысының орынбасары,
2017-2022 жылдар аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінде жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі,
2022 жылдың сәуір-тамыз аралығында Ақтау қалалық білім бөлімінде тәрбие ісі бойынша сектор меңгерушісі,
2022 жылдың тамыз айынан бастап осы уақытқа дейін Ақтау қалалық білім бөлімінде жалпы білім және мемлекеттік қызмет көрсету секторының меңгерушісі қызметін атқарды.
2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Примбетова Рзагуль Абылаевна
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі бас маманы

Нургалыев Сазанбай Мисекенович
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің бюджеттің атқарылуы және қаржылык қызмет бойынша бас маманы