Серпін - 2050
Мемлекеттік «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты бағдарламасы туралы негізгі ақпарат:
ақпарат:
А) Аталмыш бағдарлама бойынша сегіз облыстағы 19 жоғары оқу орындары (ары қарай ЖОО) қатысады;
Ә) 19 ЖОО үшін 4000 арнайы грант бөлінген, әрбір ЖОО-ға 150 гранттан қаралған. Онда педогогикалық 19 мамандық түрі белгіленген. (www.serpin-2050.kz сайтында көрсетілген).
2. Аталмыш бағдарламаға кімдер қатыса алады:
А) ҰБТ немесе КТ-ден шекті (50 балл, орыс тілін қоспағанда) және одан жоғары балл жинаған талапкерлер ( бұл талап шығармашылық емтихан тапсыратындарға қатысы жоқ 4-ші таңдау пәнінің орнына шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлерге 3-пункте түсініктеме көрсетілген).
Ә) ҰБТ-ға қатыспаған, былтыр немесе оған дейінгі жылдары мектеп немесе колледж бітіріп, ЖОО-на грантқа түспеген жастар КТ тапсырғаннан кейін қатыса алады; Кешенді тест (КТ) 17-23 шілде аралығында өтеді. Ал КТ-ға қатысу арызы 20 маусым мен 9 шілде аралығында жергілікті Қабылдау комиссиясында қабылданады.
Б) Егер бейіндік пән бойынша 7 баллдан аз алсаңыз, онда конкурсқа қатыса алмайсыз;
Ескерту: егер бағдарламада көрсетілген 7 ЖОО үшін бөлінген 1050 арнайы грантты (мамандықтарды) таңдамасаңыз, бұл бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайсыз!
3. Осы бағдарлама бойынша шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлер үшін ақпарат.
А) 1050 арнайы граттардың ішінде шығармашылық емтихан тапсыратын мамандықтар бар. Мысалы: «Дене шынықтыру мәдениеті және спорт» мамандығы. Жалпы баллды есептеу үшін ҰБТ-дағы 4-ші таңдау пәні алып тасталынады, ал оның орнына шығармашылық емтихан қорытынды баллын қосады.
Ә) Шығармашылық емтихан баллдарын және ҰБТ-дағы негізгі 3 пәннің (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика) баллдарын қосқанда, 50 балл немесе одан жоғары болғанда қатыса алады.
Б) Егер ҰБТ-дан 50-ден төмен балл алса, онда шығармашылық емтиханы бар мамандықтарды таңдауға болады (мысалы: Дене шынықтыру мәдениеті және спорт).
В) Ал сол негізгі 3 пәндерден (қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика пәндерінен) 4 баллдан аз алса және Шығармашылық емтихандардың әрқайсысынан 10 баллдан кем алса, бағдарлама бойынша конкурсқа қатыса алмайды.
4. Бағдарлама бойынша мамандық таңдау қалай жүргізіледі:
А) Талапкер www.serpin-2050.kz сайтының оң жағындағы – «ЖОО мамандық таңдау» сілтемесі арқылы кіресіз;
Ә) Сол жерден өзіңіздің ҰБТ кезінде таңдаған 4-ші пән бойынша қандай мамандыққа тапсыра алатыныңызды көре аласыз;
Б) Таңдау пәні бойынша тізімдегі сәйкес мамандықтарды таңдайсыз.
В) Әр мамандықтар бойынша мамандық шифры және сол мамандыққа арнайы гранты бөлінген ЖОО аты жазылған.
- Скачать файл (DOC, 43 Kb)