0
КОНКУРС!!!
«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Конкурс жариялайды
«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 213 бұйрығына сәйкес, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мектеп директоры лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 110000 теңгеден 145500 теңгеге дейін.
Балабақша басшылары лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 88661,97 теңгеден 104589,27 теңгеге дейін.
Қосымша білім беру ұйымының басшысының жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 110000 теңгеден 119675,96 теңгеге дейін.
-Құрық ауылы,"№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Құланды ауылы,"Құланды орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімі"Аққұдық орталау орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Жетібай ауылы, Ө.Қалманбетұлы атындағы «Жетібай балалар өнер мектебі»МКҚК
-Бостан ауылы, МКҚК «Өркен» бөбекжай-бақшасы;
-Мұнайшы ауылы, МКҚК «Еркемай» бөбекжай- бақшасы;
-Құрық ауылы,КММ «Өкпе ауруларына қарсы сауықтыру «Балдырған» бөбекжай -бақшасы.
-Қарақия аудандық білім бөлімінің «Жетыбай ауылының №9 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-Қарақия аудандық білім бөлімінің МКҚК «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
Білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары үшін: жоғары ( жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім және жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл мектепке дейінгі ұйымда педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы(мемлекеттік қызметшілерді,педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындарының оқытушыларын,әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың),біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін қоспағанда).
Қосымша білім беру ұйымдары үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).
Шағын жинақты мектептер үшін: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы соңғы екі жылда педагогикалық жұмыс өтілі; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі кемінде бес жыл жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).
Білуге міндетті (мектеп): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», "Педагог мәртебесі туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы»,«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Білуге міндетті (балабақша): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек , "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "", "", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Білуге міндетті (Қосымша білім беру ұйымының басшысы) Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Конкурс «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығы негізінде өткізіледі (әрі қарай – Қағида) (Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 21.05.2020 ж. №213).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру бұқаралық ақпарат құралдарының ресми басылымдарында («Қарақия») газетінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Конкурсты өткізу мерзімі жоғарыда көрсетілген Қағидаға сәйкес белгіленеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
6) алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат білім беруді басқару органының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, наградалары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстық орналастыру (бұдан әрі-Конкурстық орналастыру)бірқатар дәйекті кезеңдерден тұрады.
1)конурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттарды қабылдау;
2) конкурсқа орналастыру қатысушылардың біліктілігін бағалау;
3)заңнаманы және педагогика,психология негіздерін біліу үшін тестілеу (тестілеуден өткені туралы анықтама болған жағдайда талап етілмейді)
4)кандидаттарды мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) келісу;
5) кандидаттарды облыстық білім беруді басқару органдарымен келісу;
6)білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Мекен-жайымыз: Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №2 үй. Анықтама алу үшін телефондар: 8(729)3721354 karakia_raion@mangystau.gov.kz
29 тамыз 2024
2024-2025 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу жұмыстары туралы ақпарат
2024-2025 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетінен 140 000 000 теңге қаражат бөлінді. Ауданның 15 мектебіне жалпы 33810 дана оқулық, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 14434 дана көркем әдебиет кітаптарына тапсырыс беріліп, тамыз...17 маусым 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 01 шілдеден бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ...17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
С 01 июля 2024 года будет проводится внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности управления образования Мангистауской области. ...13 мамыр 2023
«Жасыл мекен» республикалық челленджі
13 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдары «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, мектеп аумағына көшеттер отырғызды. Іс-шара экологиялық...12 мамыр 2023
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлымен кездесі өтті
2023 жылдың 12 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында басшылар білім саласына қатысты сұрақтарына...12 мамыр 2023
Оқу-жаттығу өткізілді
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі, ағымдағы жылдың 12 мамырда Қарақия ауданы бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау мақсатында, Ұлттық қауіпсіздік...11 мамыр 2023
Тағайындау
Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы...31 наурыз 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
1 сыныпқа қабылдау : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі11 қаңтар 2023
Білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі 2023 жылы 11 қаңтар күні Жетібай ауылындағы «№9 бастауыш мектеп» КММ-де жүрмелі кеңес өткізді. Кеңеске Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина, Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Досжанова, білім бөлімінің...29 желтоқсан 2022
"Жыл қорытындысы-2022"
"Жыл қорытындысы-2022"22 қазан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру...22 сәуір 2022
"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы
"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы22 сәуір 2022
«Үздік тәрбиеші - 2022»
«Үздік тәрбиеші - 2022»21 сәуір 2022
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі14 сәуір 2022
" Менің Отаным – Қазақстан» слеті
"Менің Отаным-Қазақстан" слеті31 наурыз 2022
" Ұлттық мектеп лига"
" Ұлттық мектеп лига"25 наурыз 2022
«Жасыл әлем, жасыл қала»
«Жасыл әлем, жасыл қала»10 наурыз 2022
«Шымырлық пен шеберлік күні»
«Шымырлық пен шеберлік күні»2 наурыз 2022
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі1 наурыз 2022
«Үздік экосағат» аудандық байқауы
«Үздік экосағат» аудандық байқауы28 ақпан 2022
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі25 ақпан 2022
Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы
Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы24 ақпан 2022
«Экоэрудит» облыстық байқауы
«Экоэрудит» облыстық байқауы14 ақпан 2022