0
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
«Қарақия аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы "Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасын бекіту туралы" № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 510 бұйрығына сәйкес, бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Мектеп директоры лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 97335 теңгеден 100000 теңгеге дейін.
Балабақша басшылары лауазымдық жалақысы қызмет істеген жылдарына қарай 82821 теңгеден 95032 теңгеге дейін.
- Қарақия ауданының "№2 бастауыш мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімі"Құрық ауылының №6 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Қарақия аудандық білім бөлімі "Мұнайшы ауылының №7 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімінің «Болашақ селолық округінің № 10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімінің"№11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімінің"Құланды орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
-Қарақия аудандық білім бөлімі"Аққұдық орталау орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
- Болашақ селолық округінің МКҚК «Ерке-Наз» балабақшасы;
-Бостан ауылы, МКҚК «Өркен» балабақшасы;
-Жетібай ауылы, МКҚК «Жауқазын» балабақшасы;
-Мұнайшы ауылы, МКҚК «Балауса» балабақшасы;
-Мұнайшы ауылы ст.Жетібай МКҚК «Аяла» балабақшасы;
-Мұнайшы ауылы, МКҚК «Еркемай» балабақшасы.
Фукционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалады.
Білуге міндетті (мектеп): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогика, педагогикалық психология, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды; үш тілді меңгеру (қазақ, орыс, ағылшын).
Білуге міндетті (балабақша): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.
Конкурсқа қатысу үшін мыналар талап етіледі:
1) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
2) педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақты мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "шебер-педагог" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО және әдістемелік қызмет қызметкерлерін қоспағанда);
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
5) соттылығының жоқ екені туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Қарақия аудандық білім бөліміне тапсырылуы тиіс.
1) білім беруді басқару органы басшысының атына тұрғылықты тіркеу орны, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген конкурсқа қатысуға өтініш;
2) жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;
10) тестілеуден өткендігі туралы анықтама (болған жағдайда);
11) мектепті дамытудың перспективалық жоспары.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады.
Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы.
Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;
3) облыстың (республикалық маңызы бар қалаларды, астананы қоспағанда) білім беруді басқару органдарымен кандидаттарды келісу;
4)білім беруді басқару органының конкурстық комиссиясының отырысында әңгімелесу.
Мекен-жайы: Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №2 үй. Анықтама алу үшін телефондар:
8(729) 3721354
29 тамыз 2024
2024-2025 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу жұмыстары туралы ақпарат
2024-2025 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетінен 140 000 000 теңге қаражат бөлінді. Ауданның 15 мектебіне жалпы 33810 дана оқулық, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 14434 дана көркем әдебиет кітаптарына тапсырыс беріліп, тамыз...17 маусым 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 01 шілдеден бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ...17 маусым 2024
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
С 01 июля 2024 года будет проводится внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности управления образования Мангистауской области. ...13 мамыр 2023
«Жасыл мекен» республикалық челленджі
13 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдары «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, мектеп аумағына көшеттер отырғызды. Іс-шара экологиялық...12 мамыр 2023
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлымен кездесі өтті
2023 жылдың 12 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында басшылар білім саласына қатысты сұрақтарына...12 мамыр 2023
Оқу-жаттығу өткізілді
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі, ағымдағы жылдың 12 мамырда Қарақия ауданы бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау мақсатында, Ұлттық қауіпсіздік...11 мамыр 2023
Тағайындау
Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы...31 наурыз 2023
ХАБАРЛАНДЫРУ!
1 сыныпқа қабылдау : Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі11 қаңтар 2023
Білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі 2023 жылы 11 қаңтар күні Жетібай ауылындағы «№9 бастауыш мектеп» КММ-де жүрмелі кеңес өткізді. Кеңеске Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина, Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Досжанова, білім бөлімінің...29 желтоқсан 2022
"Жыл қорытындысы-2022"
"Жыл қорытындысы-2022"22 қазан 2022
ХАБАРЛАНДЫРУ!
ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру...22 сәуір 2022
"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы
"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы22 сәуір 2022
«Үздік тәрбиеші - 2022»
«Үздік тәрбиеші - 2022»21 сәуір 2022
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі
«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі14 сәуір 2022
" Менің Отаным – Қазақстан» слеті
"Менің Отаным-Қазақстан" слеті31 наурыз 2022
" Ұлттық мектеп лига"
" Ұлттық мектеп лига"25 наурыз 2022
«Жасыл әлем, жасыл қала»
«Жасыл әлем, жасыл қала»10 наурыз 2022
«Шымырлық пен шеберлік күні»
«Шымырлық пен шеберлік күні»2 наурыз 2022
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі1 наурыз 2022
«Үздік экосағат» аудандық байқауы
«Үздік экосағат» аудандық байқауы28 ақпан 2022
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі25 ақпан 2022
Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы
Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы24 ақпан 2022
«Экоэрудит» облыстық байқауы
«Экоэрудит» облыстық байқауы14 ақпан 2022