Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Жаңалықтар

0

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

РҚАО-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 27-баптан қараңыз.

Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

   МАЗМҰНЫ

Осы Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Осы Заңда қамтылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру

    Осы Заңда қамтылатын ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:

    1) жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам – мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгіленген лауазымды атқаратын адам, оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;

    2) лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнаулы уәкiлеттiк бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;

    3) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметші, мәслихат депутаты, сондай-ақ мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін уақытша орындайтын адам;

    4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері;

    5) мүдделер қақтығысы – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін;

    6) сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

    7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар және осы Заңға сәйкес өзге де шаралар;

    8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер;

    9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;

  10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган – өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері;

  11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);

    12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;

    13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.

    Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





29 тамыз 2024

2024-2025 оқу жылына арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу жұмыстары туралы ақпарат

            2024-2025 оқу жылында мектеп оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету мақсатында аудан бюджетінен 140 000 000 теңге қаражат бөлінді. Ауданның 15 мектебіне жалпы 33810 дана оқулық,  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 14434 дана көркем әдебиет кітаптарына тапсырыс беріліп, тамыз...

17 маусым 2024

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылғы 01 шілдеден бастап Маңғыстау облысының білім басқармасының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі. ...

17 маусым 2024

ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков

С 01 июля 2024 года будет проводится внутренний анализ коррупционных рисков в деятельности управления образования Мангистауской области.  ...

13 мамыр 2023

«Жасыл мекен» республикалық челленджі

13 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдары «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, мектеп аумағына көшеттер отырғызды. Іс-шара экологиялық...

12 мамыр 2023

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлымен кездесі өтті

2023 жылдың 12 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында басшылар білім саласына қатысты сұрақтарына...

12 мамыр 2023

Оқу-жаттығу өткізілді

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі, ағымдағы жылдың 12 мамырда Қарақия ауданы бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау мақсатында, Ұлттық қауіпсіздік...

11 мамыр 2023

Тағайындау

Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы...

31 наурыз 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

1 сыныпқа қабылдау
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

11 қаңтар 2023

Білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі 2023 жылы 11 қаңтар күні Жетібай ауылындағы «№9 бастауыш мектеп» КММ-де жүрмелі кеңес өткізді. Кеңеске Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина, Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Досжанова, білім бөлімінің...

29 желтоқсан 2022

"Жыл қорытындысы-2022"

"Жыл қорытындысы-2022"

22 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру...

22 сәуір 2022

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

22 сәуір 2022

«Үздік тәрбиеші - 2022»

«Үздік тәрбиеші - 2022» 

21 сәуір 2022

«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

 «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

14 сәуір 2022

" Менің Отаным – Қазақстан» слеті

"Менің Отаным-Қазақстан" слеті

31 наурыз 2022

" Ұлттық мектеп лига"

" Ұлттық мектеп лига" 

25 наурыз 2022

«Жасыл әлем, жасыл қала»

«Жасыл әлем, жасыл қала»  

10 наурыз 2022

«Шымырлық пен шеберлік күні»

«Шымырлық пен шеберлік күні» 

2 наурыз 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

1 наурыз 2022

«Үздік экосағат» аудандық байқауы

«Үздік экосағат» аудандық байқауы 

28 ақпан 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

25 ақпан 2022

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

24 ақпан 2022

«Экоэрудит» облыстық байқауы

«Экоэрудит» облыстық байқауы 

14 ақпан 2022

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері