Мангистауская область
Отдел образования Каракиянского района


Мангистауская область,
Каракиянский район, село Курык, улица Досана Батыра 2

Телефон доверия:
8(72937)2-13-54

Объявления

26 февраля 2025

Хабарландыру

Хабарландыру

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабының 2 - тармағының 8-4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29323 болып тіркелген) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 11- 02/14 қаулысына сәйкес, 4-18 жас балаларға  арналған қосымша білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін 75 орынға конкурс өтетіндігін хабарлайды.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша қосымша білім берудің бағдарламалары

Ғылыми-техникалық бағыт 

Бала саны

1

Лего құрастыру

20

2

Робототехника

20

Барлығы

40

Гуманитарлық бағыт

1

Тіл үйрету

15

Барлығы

15

Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар).

 

 1

 Математикалық курстар

20

Барлығы

20

ЖАЛПЫ БАЛА САНЫ

75

Айына  бір білім алушыға немесе тәрбиеленушіге жұмсалатын  шығыстардың орташа құны 17123 теңге.

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар келесі құжаттарды ұсынады:

2) заңды тұлға құрмай, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, Ұйым жарғысының (ережесінің, құрылтай шартының) көшірмесі;

3) Ұйым пайдаланатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ғимаратты жалдау шартының көшірмесі;

4) балаларға арналған қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының көшірмелері;

5) педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын, белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтер құжаттарының көшірмелері;

6) педагогтердің біліктілік деңгейі туралы құжаттардың көшірмелері бар штат кестесінің көшірмесі;

 7) Ұйымның жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда) (жарғыға сәйкес, құрылтай құжаттарымен, шарттармен) немесе Ұйымның жұмыс тәжірибесінің жоқтығы туралы хат;

8) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;

9) Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.

Көрсетілген құжаттарды қабылдауды білім беру саласындағы уәкілетті органдар конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. (26.02.2025-04.03.2025 ж. аралығы)

Құжаттарды қабылдау «Zerek.edus.kz» платформасы арқылы электрондық форматта қабылданады

Электронды форматта жіберілген құжаттарға ұйым басшының  қолы қойылған және мөрмен расталған болуы қажет.

 

 

 

 

 

: Қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыс

Последние новости

 

Статистика школ района

* по данным единой электронной системы учебного процесса школ

Школы района

19


Школы


Всего учащихся

9214

Мальчики: 4664 (50.6%)
Девочки: 4550 (49.4%)


Учителя школ

1060

Мужчины: 149 (14.1%)
Женщины: 911 (85.9%)

Государственные символы