Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Жаңалықтар

0

«Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығы мен дамуын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар практикум өтті

2019 жылдың 18 сәуір күні Құрық ауылы «Құлыншақ» балабақшасы базасында жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы, балалардың өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасау, бала бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі ұйым педагогтары арасында «Мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығы мен дамуын қалыптастыруда жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында аудандық семинар практикум өтті. Семинарға барлығы 19 мектепке дейінгі ұйым педагогтары қатысып, іс – тәжірбие алмасуы барысында сәттілік тіледі. 
Семинардың практикалық бөлімінде ортаңғы топ тәрбиешісі Б.Шыңғысбай 
Білім беру саласы: Таным «Денсаулық қаласына саяхат» тақырыбында, ортаңғы топ тәрбиешісі Б. Сарсенова Білім беру саласы: Денсаулық «Біз шыныққан баламыз» тақырыбында және суда жүзу нұсқаушысы М.Ещанова ересектер тобымен жүзу алаңында «Көңілді жүзу алаңы» тақырыбында оқу қызметтерін өткізді.Сонымен қатар, семинарда «Дені сау бала – ел мұраты» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеде бала денсаулығын нығайтып, өсіп келе жатқан бала бойына керекті спорттық құралдар, яғни массажды кілемшелер, тыныс алу, мергендікке, тепе-теңдікті сақтауға, таңертеңгілік жаттығуларға арналған құралдар мен асықтан жасалған массажды қолғаптар мен кілемшелер ұсынылды. Балабақша психологы М.Қаржаубаева және тәрбиеші А.Сақтағанова «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Семинар практикум «Біз спортты сүйеміз» атты музыкалық көрініспен жалғасын тауып, бүлдіршіндер спорттың денсаулыққа пайдасы туралы ән мен биден шашу шаша отырып кеңінен түсінік берді.Семинар-практикум соңында педагогтар оқу қызметтерінен алған іс – тәжірбиелерімен бөлісіп алғыстарын білдірді. Сөз соңында балабақша директоры Г.А.Баймбедова және Аудандық білім бөлімі әдістемелік орталығының сектор меңгерушісі Қ.Қапарова келген педагогтар мен балабақша ұжымдарына алғысын білдіре келе «Алғыс хаттармен» марапаттады. 





13 мамыр 2023

«Жасыл мекен» республикалық челленджі

13 мамыр күні Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдары «Жасыл мекен» республикалық челленджіне қатысты. Экологиялық акцияға білім беру ұйымдарының директорлары, мұғалімдер мен оқушылар белсене ат салысып, мектеп аумағына көшеттер отырғызды. Іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.  ...

12 мамыр 2023

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлымен кездесі өтті

2023 жылдың 12 сәуір күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Дәуенов Ернұр Нұрланұлы Қарақия ауданы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті. Кездесу барысында басшылар білім саласына қатысты сұрақтарына жауап алды.  ...

12 мамыр 2023

Оқу-жаттығу өткізілді

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі, ағымдағы жылдың 12 мамырда Қарақия ауданы бойынша 15 жалпы білім беретін мектептерде терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмді пысықтау мақсатында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар бөлімі, өрт сөндіру бөлімі және аудан әкімдігімен бірлесіп, оқу-жаттығу өткізілді және төмендегідей түсіндіру жұмыстары жүргізілді. - мектеп персоналына, оның ішінде...

11 мамыр 2023

Тағайындау

Бүгін, 11 мамыр күні 2023 жылдың 25 сәуірдегі конкурстық комиссия шешімімен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Маңғыстау облысының білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызы тағайындалды.  Искалиева Ақбөпе Тынысбайқызының білімі жоғары, мамандығы-қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.  Еңбек жолын 1999 жылы Ақтау қаласының №12 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып...

31 наурыз 2023

ХАБАРЛАНДЫРУ!

1 сыныпқа қабылдау
: Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі

11 қаңтар 2023

Білім беру ұйымдарының директорларымен кеңес

Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі 2023 жылы 11 қаңтар күні Жетібай ауылындағы «№9 бастауыш мектеп» КММ-де жүрмелі кеңес өткізді. Кеңеске Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы К.Беккалина, Оқу-әдістемелік орталығының директоры А.Досжанова, білім бөлімінің қызметкерлері және ауданға қарасты мектеп, балабақша директорлары қатысты. Кеңесте күн тәртібіндегі бірнеше мәселелер қаралды: •Үштілді білім беруді енгізу барысы туралы; •Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу, жалпы білім беретін...

29 желтоқсан 2022

"Жыл қорытындысы-2022"

"Жыл қорытындысы-2022"

22 қазан 2022

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру 2022 жылға арналған Маңғыстау облысы бойынша бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №81 қаулысы негізінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік беру тапсырысын орналастыратындығын хабарлайды. 2022 жылға арналған Қарақия ауданы бойынша...

22 сәуір 2022

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

"Бастауыш сынып мұғалімдері" олимпиадасы

22 сәуір 2022

«Үздік тәрбиеші - 2022»

«Үздік тәрбиеші - 2022» 

21 сәуір 2022

«Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

 «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңі

14 сәуір 2022

" Менің Отаным – Қазақстан» слеті

"Менің Отаным-Қазақстан" слеті

31 наурыз 2022

" Ұлттық мектеп лига"

" Ұлттық мектеп лига" 

25 наурыз 2022

«Жасыл әлем, жасыл қала»

«Жасыл әлем, жасыл қала»  

10 наурыз 2022

«Шымырлық пен шеберлік күні»

«Шымырлық пен шеберлік күні» 

2 наурыз 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

1 наурыз 2022

«Үздік экосағат» аудандық байқауы

«Үздік экосағат» аудандық байқауы 

28 ақпан 2022

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі

«Математикалық регата» мұғалімдер олимпиадасының аудандық кезеңі 

25 ақпан 2022

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

Республикалық 55-ші Жас музыканттар байқауы

24 ақпан 2022

«Экоэрудит» облыстық байқауы

«Экоэрудит» облыстық байқауы 

14 ақпан 2022

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 

11 ақпан 2022

«Мамандықтар әлемін ашамыз»

«Мамандықтар әлемін ашамыз» 

10 ақпан 2022

№3 жалпы білім беретін мектебінде коворкинг тәжірибе алмасу алаңы ашылды

№3 жалпы білім беретін мектебінде коворкинг тәжірибе алмасу алаңы ашылды 

7 ақпан 2022

Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау

Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері