Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы бойынша білім бөлімі


Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 2

Сенім телефоны:
8(72937)2-13-54

Бағдарламалар

2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы.

   Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. 

 Республикамызда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің «XXI ғасыр бағдыларындағы ауытқуларды зерттеу» рейтингісінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.  

 2016-2017 оқу жылында жаңартылған білім мазмұнына барлық бірінші сыныптар көшеді. Олар 2015-2016 оқу жылында 30 пилоттық мектепте апробациядан өткен жаңа оқу бағдарламалары бойынша оқиды.  

 Білім мазмұны жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын, оқу бағдарламаларын әзірлеу «Мәңгілік ел» құндылықтарына бағдарлануымен жүзеге асырылды. 

 2016-2017 оқу жылында республиканың 5 өңірінде 63 пилоттық мектепте 10-11-сыныптарда жанбасына қаржыландыру апробациясы жалғастырылатын болады. 

Үштілді білім беруге көшу шеңберінде Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарында (бұдан әрі - ҮОЖ) ағылшын тілін оқытуға бөлінген сағат саны көбейтілген. ҮОЖ-ға сәйкес 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші сыныптарға ағылшын тіліне 2 бөлінеді. 

2016-2017 оқу жылында негізгі және жоғары сыныптарда үш тілде білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстары басталады. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ағылшын тілін үйрену жоспарланған үш тілде оқушыларға қосымша білім беру бағдарламасы және жоғары сынып пәндері бойынша сыныптан тыс жұмыстардың бағдарламасын әзірледі. Барлық жұмыстар Академияның сайтына орналастырды.          

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (2015ж.24.11 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) бекітілді. 

Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі. 

БҒДМБ сәйкес оқыту сапасын арттыруда білім беру процесінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет. 

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттықкоммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық қолдау. 





2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген.   Жинақ жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған 

Ұлт жоспары 100 нақты қадам

«100 нақты қадам» – бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. 

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат)  төменде көрсетілген бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында төмендегі бөлімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. 

Серпін - 2050

Мемлекеттік «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» атты бағдарламасы бойынша  сегіз облыстағы 19 жоғары оқу орындары (ары қарай ЖОО) қатысады. 19 ЖОО үшін 4000 арнайы грант бөлінген, әрбір ЖОО-ға 150 гранттан қаралған. Онда педогогикалық 19 мамандық түрі белгіленген. (www.serpin-2050.kz сайтында көрсетілген).

2020 жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша қатыса алады: оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту. Аталмыш мақалада сіз бағдарламаның барлық бағыттары бойынша мәлімет аласыз, қатысу үшін қайда бару керектігін және ол үшін қандай құжаттарды жинау қажеттігін білесіз.

Соңғы хабарлар

 

Аудан мектептерінің статистикасы

* бірыңғай электронды оқу жүйесіне енгізілген ақпараттар негізінде

Аудан мектептері

19


Мектептер


Оқушылар саны

9214

Ұлдар: 4664 (50.6%)
Қыздар: 4550 (49.4%)


Мұғалімдер саны

1060

Ерлер: 149 (14.1%)
Әйелдер: 911 (85.9%)

ҚР мемлекеттік рәміздері